25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мәуліт мерекесі жайлы шариғат не дейді?

Ассаламу алейкум, құрметті сайт ұжымы!

Мәуліт айы деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туған айды айтады екен. Осы айда мереке етіп, атап өту бар екен. Алайда, кейбір бауырлар бұл дұрыс емес дейді. Осы жайлы, яғни мәуліт тойлау немесе тойламау жөнінде түсіндіріп берсеңіздер. Алдын ала рахметімді айтамын.

Таң намазына тұра алмай жүрмін. Не істесем болады?

Ассалаумағалейкум! Сіздерден сұрағым келгені, адамның таң намазына тұра алмай қалуының қандай себептері болуы мүмкін? Өз басым жатарда тиісті дұғаларды айтып жатам, бірақ сонда да кей кездері ұйықтап қап, таң намазын қаза етіп алам. Осыған бір кеңес берсеңіздер!

Кісі иманына тіл тигізудің залалы

Ассаләмуғаләйкүм!

Ақида, шариғат деп таласып жатып ақыры қызу үстінде «кәпірсің» деп иманына қол сұғады. Осылай айтуға құқылы ма, оның залалы бар ма?

«Бисмилласыз» дәрет дұрыс болмай ма?

Ассаләмүғаләйкүм!

Дәрет алған кезде «бисмилла» деп айту міндетті ме? Ауылда аталар мен ағалар қол жуа бастағаннан «бісмиллә» деп бастап жатқанын көргенім бар еді. Осы жөнінде айтып беріңізші.

Өткен іске өкіну қаншалықты зиян?

Ассаләмүғаләйкүм!

Кейде достарым, кейде өзім де бұрынғы қолымнан жіберіп алған мүмкіндіктерге өкінемін. Қап, осылай жасағанымда ғой деген сияқты ойлар келеді.

Жолым байланып тұр, қалай ашам?

Ассалаумағаләйкүм!

Сұрайын дегенім, ешбір жолым болмай жүр. Жұмысымда да қиындықтар басталып кетті. Соның салдарынан ба, денсаулығым да сыр бере бастады. Үй ішінде де ұрыс-жанжал. Жолымды қалай ашамын. Тәуіптерге күнә болады деп баруға қорқамын.

Бір рет жуса дәрет толық санала ма?

Ассаләмүғаләйкум!

Жалпы дәрет алғанда үш рет жуу қандай амал? Басқа және мойынға мәсіх тартуда да үш рет болуы керек пе? Наурызбай

Адал табыс табу қаншалықты маңызды?

Ассәләмуғаләйкум уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһ! Әлеуметтік желіде «харам ас жегеннің дұғасы қабыл болмайды» дегенді оқыдым. Нақтысын білмеймін, бірақ осы мағынада. Бұл қаншалықты рас?

Намаздан қалай рухани ләззат сезінуге болады?

Ассәләмүғаләйкүм!

Менікіндей жағдай біршама жастарда бар шығар деп ойлаймын. Намаздан ләззат алу былай тұрсын, қиналып оқимын. Алғаш намаз бастаған кезде жан-тәніммен беріліп оқитынмын. Айтыңыздаршы, құлшылықтың рақатын сезіну үшін не істеуге болады?

Мына дұға жолдасыңыздың сізге деген махаббатын арттырады

Саламатсыз ба, өмір болған соң әртүрлі күйбең тірлік кейде ерлі-зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілікті, бір-біріне деген ықыласты суытып жібереді. Сондайда отбасының ішінде үйлесім болуы үшін, күйеуі жарын жақсы көруі үшін және керісінше әйелі күйеуіне ыстық сезіммен қарауы үшін оқылатын дұға бар ма?