18 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан Мекке қаласында қажылар орналасқан қонақүйлерді аралап, отандық компаниялардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Қажылық миссиясының өкілдері қонақүйлердегі тазалық, медициналық қызмет, уағыз-насихат, түсіндіру шараларын жүргізу, тасымал, т.б. мəселелерге назар аударды.
Қажылық компаниясының жетекшілері миссия өкілдеріне мүфтият тарапынан қойылған тиісті талаптардың орындалып жатқанын мəлімдеді.
"Біздің басты мақсатымыз - жерлестеріміздің қажылық рəсімдерін дұрыс атқаруына көмектесу, қызмет сапасын көтеру, мүфтият пен Қажылық министрлігінің қойған талаптарының орындалуын қадағалау. Осы бағытта баршамыз өзара ықпалдасып қызмет етуіміз керек",-деп атап өтті Бауыржан Əбдірашұлы.
Айта кетейік,бүгінгі таңда қазақстандық 3000 қажы Сауд Арабиясына толық жетті. Оларға отандық 18 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде.