29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылмандар Айя-Софияны мешіт етуді өтінді

Жаһан
Жарнама

Түркияның Стамбул қаласында мұсылман жамағаты Айя Софияны таң намазын және жалпы жамағат болып құлшылық-ғибадат жасауға беруін сұрады.

Мұсылмандар бұл күнді жай ғана таңдамады. Олар Константинопольдың ашылу күнінде арнайы намаз оқу үшін алаңға жиылды.

Намаздан соң мұсылман жамағаты Алла Тағаладан Айя София тарихи ғимаратын толықтай мешітке айналдыруды және осында намаз оқуды нәсіп етуін сұрап, дұға жасады.

Еске сала кетсек, 1453 жылы Мұхаммед Фатх Константинополь (Стамбул) үшін соғыс жүргізіп, қасиетті София (Айя-София) ғибадат үйін мешіт қылуға бұйрық берген. Алайда,  XX ғасырда Түркия республикасы тізгінін ұстаған Мұстафа Кемал 1935 жылы мешітті мұражайға айналдыру туралы шешім шығарған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: