Біріккен араб әмірлігінде өтетін «Қасиетті Құран» халықаралық конкурсына 96 қари қатысады.
Дубай қаласында 21-ші рет Dubai International Holy Quran Award атты халықаралық Құран жарысы ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта 21-ші әлемдік мәртебелі конкурсқа қатысатынын 96 мемлекет пен шетел қауымдастығы растады.
Бұл жыл сайынғы жарыс Дубай әміршісі, әмірліктің вице-президенті әрі премьер-министрі шейх Мұхаммед бин Радиш әл-Мақтұмның бастамасымен қолға алынған. Конкурс хижра жыл санағы бойынша 1438 жылдың қасиетті Рамазан айының 1-20 аралығында, яғни милади бойынша 27 мамыр мен 16 маусым аралығында Дубай Сауда-саттық палатасы аудиториясында өтеді.
Жарыс жеңімпазына 250 000 дирхам (68 000 АҚШ доллары) сыйақы тағайындалған. Екінші орынға 200 000 дирхам және үшінші орынға 150 000 дирхам бекітілген.
4-10 орындарды иеленген қатысушылар өз білім-біліктіліктеріне сәйкес 350 000 дирхамға дейін сыйақыға ие болмақ. Ал жарыстың жалпы жүлде қоры 2 миллион дирхамды құрайды.
ummet.kz-ақпарат