Газды сусындарды, әртүрлі тәтті сулар мен жеміс шырындарын көп көлемде пайдалану адамның есте сақтау қабілетін төмендетіп, ми көлемін кішірейтеді. Ғалымдардың кезекті зерттеу тәжірибесін Alzheimer's & Dementia журналы жариялады.
Мамандар құрамында қант қосылған сусындардың денсаулыққа әсерін зерттеп, талдау арқылы осындай тұжырым жасады.
Тәжірибеге үш түрлі топтағы адамдар қатысты: бірінші топта 30 жастан жоғары 4 мың шамасындағы адам, екінші топта 45 жастан жоғары 3 мыңға жуық адам және 60 жастан жоғары 1,5 мың адам.
«Зерттеу нәтижесі құрамында қанты көп сусындарды көп қолдану мен бас миының жансыздануының арасында байланыс болатынын көрсетті. Әсіресе, ми көлемінің кішіреюі және есте сақтау қабілетінің азаюы да бар» деп атап өтті тәжірибе авторының бірі, Бостон университетінің неврологы Мэттью Пас.
ummet.kz-ақпарат