31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажыларға жоғары жылдамдықты пойыз қызмет етеді

Жаһан
Жарнама

Келесі жылдан бастап Сауд Арабиясы Мекке, Джидда және Мәдина қалаларын байланыстыратын жоғары жылдамдықты пойыз бағыттарын іске қосады.

Пойыз әзірге «Харамейн» деп аталады, араб тілінен аударғанда «Қос қасиетті мекен» мағынасын береді. Бұл туралы «әл-Мәдина» саудиялық апталық басылымы Сауд Арабиясы темір жол және қоғамдық көлік басқармасы төрағасы Румайх ар-Румайхтың сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жоба бойынша жұмыс осы жылдың соңына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта Мәдина-Раби бағытында сынақ түрінде жүргізілуде» деп мәлімдеді ар-Румайх.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Меккеге 20 шақырымына рельс төсеу жұмыстары ғана қалды. Мекке мен Мәдина аралығындағы 450 шақырымның 430-ы төселіп біткен.

Пойыз Мекке мен Мәдина аралығын 2,5 сағатта байланыстырады, ал Джидда мен Меккені 30 минутта жалғайды. Бұл жоғары жылдамдықты пойыз қажылар үшін таптырмас көлік құралына айналады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: