Финляндия астанасында үлкен мешіт салынады. Алдын ала жоспарға сәйкес, мешіт құрылысының алғашқы бөлігінде қаражат мемлекет қазынасынан төленбейді.
Бахрейн король әулеті құрылыстың бірінші кезеңіне қаржы бөледі. Жобаның жалпы құны бірнеше жүз миллион еуроны құрайды.
Фин астанасы жылжымайтын мүлік департаменті болашақ мешітке қажетті жер учаскесінің бірнеше нұсқасын қарастыруда. Жоба бойынша мешіт аумағы 18 мың шаршы метрді қамтымақ.
Әлеуметтанушылардың пайымдауынша, астаналық фин тұрғындарының басым бөлігі мешіт құрылысының жүргізілуіне қарсы емес.
ummet.kz-ақпарат