Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Паралимпиада жарысында Біріккен араб әмірлігі атынан қатысқан Мұхаммед Хамис Халаф пауэрлифтинг бойынша алтынды жеңіп алды.
Мұхаммед Хамис 88 кг салмаққа дейін санат бойынша сайысқа түсіп, 220 кг салмақты көтерді.
Мұхаммед Хамис Халаф бала кезінде полиомиелит (жүйке жүйесі) дертіне шалдығып, асқынуы салдарынан мүгедектік арбасына таңылды. Чемпион мұсылман осымен бесінші Паралимпиядаға қатысып отыр. Бұған дейін ол Афина мен Қытайда «алтын» және «күміс» медальға ие болды.
ummet.kz-ақпарат