29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Биыл 11 000 америкалық мұсылман қажылық өтеді

Жаһан
Жарнама

АҚШ елшісі Джозеф В.Вестфаль Сауд Арабиясына америкалық қажылардың қажылық сапарын сәтті ұйымдастырып, қауіпсіздіктерін қамтамасыз еткені үшін алғыс білдірді.

«Ерікті азаматтар қажыларға көмек беруге, ал елшілік қызметкерлері Қажы және ұмра министрлігі жұмысын, сондай-ақ өзге елдердің туристік операторларымен байланысты үйлестіруге атсалысуға әзір. АҚШ елшілігі америкалық қажыларға виза алу, медициналық көмек, қажылық т.б. қызметтер туралы пайдалы мәліметтер қамтылған арнайы веб-сайтты да іске қосты» дейді АҚШ елшісі Джозеф В.Вестфаль.

Мохаммед Атикуддин қасиетті Мекке қаласына қажылық жасаған бақытты америкалық мұсылмандардың қатарында болды. «Мен бұл ізгі сапарды көп күттім. Осы жолы Жаратқан ием менің дұғама жауап берді, енді мен қасиетті жерде Оның шақыруына құлшылықпен жауап қайтарамын» дейді Огайо штатында тұратын М.Атикуддин. Ол барша мұсылман үшін қасиетті қала Меккеге келгеніне шексіз қуанышта екенін жеткізді.

«Саудиялықтар өте ерекше маңызды істі атқарды. Мұндай әлемдік ауқымдағы шараны өткізу үшін мол материалдық мүмкіндіктер мен техникалық жабдықтар қажет. Меккеге келіп осының барлығын көрген кезде ел үкіметі қандай істі еңсергенін түсінесің» дейді Мохаммед.

Айта кетсек, корольдік қажылыққа келушілер қатарын тек үлкен қажылық емес, ұмра қажылығы арқылы да көбейтпек. Саудия үкіметі Vision 2030 реформасы жоспарында 2030 жылға дейін қажылар санын 8 миллионнан 30 миллионға дейін көбейтуді көздейді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: