29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Қиналғанға қамқор сайт ашылды

Жаһан
Жарнама

Египеттік 34 жасар мұсылман Амр Арафа күн сайын қиындыққа душар болған оншақты адамға көмектеседі.

Ол 2015 жылы өзінің Вашингтондағы пәтерін босқындарға, зорлық-зомбылық, қымысшылыққа ұшыраған барлық адамдарға арнаған еді, енді бұл баспананың қиыншылық көрген кез келген адамға есігі ашық.

Амр Арафа қоғамның қорғауынан тыс қалған адамдарға қамқорлық көрсету мақсатында Emergencybnb веб-сайтын да іске қосты. Порталдың концепциясы баспана қажет ететін адамдарға көп болып көмектесіп, қарайласуға шақырады.

«Emergencybnb сайты үкіметтің қазынасын мұқаждарға берсін деген мақсатта құрылмады. Портал жалпы қоғамға, барлық қала тұрғындарына осы елде қиындық көріп жүрген жандардың бар екенін ескере жүруін, оларға көмектесуді насихат етеді» дейді Арафа. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: