Меккедегі әл-Харам мешіті мен Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті жөніндегі бас дирекция қажылыққа әзірлік аясында Қағбаның төменгі қисуасын ауыстырды.
Қағба – Ибрахим (ғ.с.) пайғамбар негізін қалаған жер бетіндегі ең ежелгі қасиетті орын. Сол дәуірден бері Қағба іргесінде Ибрахим мақамы – құлшылық үйін тұрғызу кезінде ұлық пайғамбар тұрған орын бар.
Қажылық – ислам дініндегі бес парыздың бірі. Қажылықты өткізу уақыты ай санағы бойынша жүргізіліп, жыл сайын өзгеріп отырады.
{youtube}17QIzDzR8cY{/youtube}
ummet.kz-ақпарат