29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Қараусыз жандарға қамқор болды

Жаһан
Жарнама

Вашингтондық мұсылман қыз емханаларда жатқан жалғыз басты аурулардың көңілін сұрап, өзгелерге үлгі болды.

Элия Хаммад – Джордж Вашингтон университетінің студенті, Палестинада туған. Ол осы бастама арқылы өзінің діндес бауырларын қайырлы іске шақырды.

Элия әуел баста Виргиния штатындағы Даруль-Хиджра мешіті жамағатына осы тектес бағдарлама ұйымдастырып берген, деп жазады Voice of America.

Бағдарламаның іске асырылып келе жатқанына бірнеше жыл өткен, бұл күндері көптеген мұсылмандар ауруханаларды аралап, жарымжан кісілердің көңілін аулайды.

«Бұл жобаға қаңтар айынан қатысып келемін. Күніне 3-4 адамға, апта ішінде 12-15 адамға барамын» дейді ерікті Ләйла Халф.

«Мен аптасына кемінде бір рет барамын. Балаларым бар, сол себепті кеш шығамын, ол уақытта емханаға кіргізбейді» дейді келесі бір ерікті Суррая Хуссейн. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: