28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ресейде халал қонақүйлер желісі ашылады

Жаһан
Жарнама

Бүгін Мәскеуде ресейлік мейманханалардағы «халал стандартын» іске асыру жөніндегі жобаны таныстырды.

Жобаны жүзеге асыру Ресейге келуші мұсылмандардың көбеюіне байланысты болып отыр.

«Ресейге мұсылмандар көптеп келе бастады. Бұл өз кезегінде туристік саланы қонақтарға ыңғайлап дамытуды қажет етеді» деп атап өтті Ресей мүфтилер кеңесі «Халал» сертификаты мен стандарты халықаралық орталығының бас директоры Айдар Ғазизов. Оның айтуынша, мүфтилер кеңесі Ресей қонақүйлерінде шариғат талаптарына жауап беретін нөмірлерді көбейтуге басымдық береді.

Аталмыш жоба ең алдымен Мәскеуде, сонымен қатар Федерацияның мұсылман халқы көп шоғырланған Солтүстік Кавказ, Поволжье, Орал мен Алтай секілді аймақтарында іске асырылмақ. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: