28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Өрт сөндіруші мұсылман өзгелер үшін өмірін қиды

Жаһан
Жарнама

Біріккен араб әмірлігінде өз өмірін ұшақтағы жолаушыларды құтқару жолында қиған өрт сөндірушінің ерлігін жоғары бағаланды, деп хабарлайды Khaleej Times.

Emirates Airlines әуе компаниясының 300 жолаушысы бар ұшағы қону уақытында істен шығып, бортта өрт шығады. Абырой болғанда, жолаушылардың барлығы аман құтқарылып, кейбірі ғана жеңіл дене жарақаттарын алған.

Осы уақытта жолаушыларды қызыл жалын шарпыған оттан шығару кезінде 27 жасар өрт сөндіру қызметкері Джассим Исса Мухаммед Хассан Аль-Балуджи қаза тапты. БАӘ Азаматтық авиация басқармасы оны «өзгенің өмірін құтқару жолында өз өмірін қиды» деп мәлімдеді. «Қаншама адамды аман алып қалу үшін өзін құрбандық еткен азаматқа құрметім шексіз» дейді басқарма директоры Саиф ас-Сувайди.

Джассим Мухаммед Хасанның артында бес інісі мен қарындасы қалды. Оның әріптестері, туыстары мен әмірлік басшылары жас жігіттің қазасын Жаратушы Алла Тағала ислам қағидасы бойынша шейт деп қабылдар деген үмітте екендіктерін білдірді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: