29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Катар музейінде Мұхаммед Әлидің құрметіне көрме ашылды (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Катар республикасында Олимпиада және спорт ойындары музейінде аты аңызға айналған боксшы Мохаммед Әлидің құрметіне көрме ашылды.

«Мұхаммед Әли: тұлғаға құрмет» деп аталатын көрме экспозициясында атақты спортшының өміріне тікелей қатысы бар және басқа да заттардан құралған жиырмадан аса экспонаттар қойылды.

Бұл қатарда – Доха стадионында 1971 жылы өткен Мұхаммед Әлидің жекпе-жегіне арналған афиша тақтасы, 1960 жылғы Римде болған Олимпиадада алған алтын медалі, сувенир естеліктері, сонымен қатар 1974 және 1978 жылы алған чемпион белдігі бар.  

«Барлық мұсылман әлемі үшін және Катар халқы үшін де Мохаммед Әли есімі ерекше құрметке ие. Бұл экспозиция біздің осы құрметімізді білдіреді» деп атап өтті музей консультанты Халид Юсуф әл-Ибрагим.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: