28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Өзге дін өкілдері Рамазаннан алған әсерлерімен бөлісті

Жаһан
Жарнама

Қасиетті Рамазан айында мұсылман қауымы отыз күнін оразасын ұстап, құлшылық еткен уақытта бірқатар өзге дін өкілдері де ауыз бекітіп, қасиетті құлшылықтың дәмін татты.

Біріккен араб әмірлігінде тұратын Германия азаматы Соня Нюбер әр таңда сәресіге тұрып, құрма, сүт және басқа тағамдармен ауыз бекітіп келді. Маркетинг саласының мамамын С.Нюбер бұл қадамын ислам мәдениеті мен мұсылман халқына деген құрметтен туғанын жеткізді, деп жазады Al Arabiya.

«Мен Рамазан айының оразасын өткен жылы бастағанмын. Қыс мезгілінде күннің қысқа кездерінде ауыз бекітіп, өзімді үйретіп жүрдім. Уақыт өте әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері де ораза ұстай бастадым. Осылайша жұмыстағылар түсі асын ішіп-жеп жүргенде, мен үшін кәдуілгі жұмыс сағатындай болды» дейді неміс қызы.

Британ студенті Дэйл болса Рамазан оразасын қасиетті де қайырлы іс деп білгендіктен ұстағанын айтады.

«Бір ай әр күн толығымен ас-судан тыйылу өзіңнің қаншалықты бақытты екеніңді бағалауымен ерекше деп санаймын. Бұл – өте тамаша тәжірибе» дейді студент. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: