Ұмра қажылығына жолдаманың азаюы қажылардың көбеюіне ықпал етеді. Биыл кіші қажылық ақысы бұрынғы бағадан 40%-ға арзан болмақ.
Қажылық комитетінің вице-президенті Абдулла әл-Кади қажылар көлемінің 5%-ға артып, 250 мың адамды құрап отырғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта ұмра қажылығын 5,5 млн қажы өтеген. Алдағы Рамазан айында кіші қажылық өтеушілер саны тағы бір миллионға артады деп жоспарлануда.
Әл-Кади ұмра кезеңінде әлемдегі экономикалық дағдарыс себебінен қажылар көлемінің төмендегенін атап өтті. Осыған байланысты кіші қажылық құнын 40%.-ға төмендету туралы шешім қабылданған.
ummet.kz-ақпарат