26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

АҚШ мешіттері «ашық есік» күнін өткізді

Жаһан
Жарнама

Американың Чикаго қаласы мешіттері «ашық есік» күндерін өткізді, деп хабарлайды Chicago Tribune.

Боллингбрук мұсылман мешітіндегі шараға жүздеген жергілікті тұрғын қатысты. Олар мұсылмандардың құлшылық-ғибадаттарына куә болып, өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.

«Мен осы уақытқа дейін мешітте болып көрмеппін. Енді көп нәрселер түсінікті бола бастады. Мен мұсылмандардың барынша ашық, шынайы екендерін байқадым. Олар өз мәдениеттері мен діндері жайында жақынырақ білгенімізді қалайды» дейді қонақтардың бір Грег Краббенхефт.

«Біз де өзгелер сияқты қарапайым америкалықпыз. Балаларымыз бір мектепте оқиды. Бір дәрігерге емделеміз. Басқа да америкалық азаматтар секілді біз де осы елдің тұрғынымыз, еркіндік пен сый-құрметке сенеміз. Ең бастысы, біз де – бейбітшілікті қалайтын адамбыз» дейді Болингбрук мұсылмандары Ассоциациясы төрағасы Аамер Әбдулжалил.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Боллингбрук мұсылмандарының саны бес мыңнан асып жығылады.  

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: