«Қоршаған орта және орман шаруашылығы министрлігі ауыз су зардабын тартып отырған тағы тоғыз африкалық елге қол ұшын созады». Бұл жайында аталған ведомство басшысы Вейсель Эроглу мәлімдеді.
Министр Түркия үкіметінің Африка мемлекеттерімен «Достық көпірі» жобасы аясында ауыз су мәселесі шешілетінін жеткізді.
«Түркия осы жоба аясында мақсат қойды. Осы уақытқа дейін Африкадағы сегіз мемлекетке ауыз су жеткізілді. Қазір енді тоғыз елді сумен қамту бойынша жұмыс басталып та кетті. Осылайша 2019 жылға дейін бұл құрлықтағы сумен қамтылған адам саны 1,7 млн-нан 3 млн-ға көбейеді» дейді Эроглу.
«Достық көпірі» аясында Түркия 2019 жылға дейін Чад, Тога, Бенин, Ган, Гвинея, Сенегал, Гвинея-Бисау, Гамбия мен Кения елдерін ауыз сумен қамтымақ.
ummet.kz-ақпарат