Біріккен араб әмірлігінің премьер-министрі әрі Дубай әмірі Мұхаммед әл-Мақтұм өзінің Twitter парақшасында БАӘ үкіметінде Бақыт пен діни төзімділік министрі пайда болатынын жариялады.
Мұхаммед әл-Мақтұм Әмірлік президенті Халифа ибн Зайд әл-Нахайян жаңа реформаны мақұлдағанын да жеткізді.
Айта кетсек, жаңа ереже туралы Дубайда өтетін жыл сайынғы болашақты басқару туралы үкіметтік саммит отырысында хабарланған болатын.
ummet.kz-ақпарат