Украина республикасының Днепропетровск қаласында ислам орталығы ашылды. Бұл елдегі тоғызыншы діни кешен саналады.
Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Днепропетровск мэрі Борис Филатов, дін өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Днепропетровск ислам орталығы – үлкен кешен. Мұнда мешіт те, білім алуға арналған медресе, кітапхана мен конференц залы да қамтылған.
«Ислам орталығының ашылуы – тарихи уақиға. Біз бұл кешен мұсылман халқы мен өзге де діни конфессиялар арасындағы қарым-қатынасты жақсарта түседі деп үміт артамыз. Орталық ислам дініне қызығушылық танытқандардың баршасына ашық болады» деп атап өтті Днепропетровск мешітінің имамы Абдулғани Девликамов.
ummet.kz-ақпарат