Жапонияда дәрет алуға арналған электронды құрылғы пайда болды. Аппаратты кез келген жерге – үйге немесе мешітке орнатуға болады. Жергілікті мұсылмандар аталмыш дәрет алу құралын іс жүзінде тексерістен өткізіп көрді.
Айта кетейік, дәрет алу – құлшылық алдында орындалуы тиісті талаптардың бірі. Оның негізгі шарттарына бетті, қолды және аяқты жуу кіреді. Бұл рәсімдер мұсылман халқы үшін күнінен бес рет намаз алдында жасалады.
Жаңа құрылғы тек суды үнемдеуге ғана емес, жуынуды ыңғайлы әрі тиімді атқаруға мүмкіндік береді.
{youtube}bYHptSqTGEY{/youtube}
ummet.kz-ақпарат