Нур Вазваз (Noor Wazwaz) есімді америкалық журналист ислам діні үшін әлемге бар шындықты жаятын кез келді деп есептейді.
Оның пікірінше, батыс қоғамында исламофобтық көзқарастардың көбеюі – мәселе емес, керісінше, мүмкіндік. Бұл қазіргі БАҚ беттерінде баян етіліп жүрген дін келбетінен мүлдем өзгеше Хақ Исламды көрсететін шақ.
Фильм барысында қатысушыларға мұсылман болудың мәні, мұсылман қауымына айтылар сын-пікірлердің әсері жайында сұрақтар қойылды.
#GrabOurHand ("Хватайся за нашу руку") хэштегімен белгіленген бейнежазба Facebook әлеуметтік желісінде кең тарап кетті.
Айта кетейік, аталмыш фильмге әлемге танымал нашид орындаушы, швециялық әнші Махер Зейн де қатысып, ой бөлісті.
{youtube}LgsvHiCG3Zw{/youtube}
ummet.kz-ақпарат