26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қоқыстан қажетті дүние жасады

Жаһан
Жарнама

Таяуда Ливан астанасы Бейрутте ерекше жәрмеңке-көрме өтті. Мұсылман әйелдері тұрмыстық қалдық заттарынан тағы да осы тұтынуға жарайтын заттарды жасап, көрме көрермендеріне ұсынды.

Жәрмеңкеге қойылған заттар ішінде бос құтылардан құрастырылған шамшырақ (свительник), ескі киім материалдарымен қамталған пластикалық орындық, т.б. пайдалы дүниелер болды.

Әйелдер қауымы босап қалған бөтелке, шыны ыдыстары, қақпақтары, жұмыртқа қораптарынан өз қиял жүйріктіктеріне қарай пайдаланып, оларды іске асыра білген. Осылайша олардың қолдарынан шыққан туындылар Ливан Туризм министрлігінің көрмесіне тапсырылды. «Мен осындай жәдігерлер арқылы кәсіп көзін ашуға болатынына сенімдімін. Бұл арқылы да отбасын асырауға болады» дейді Сириядан келген 23 жасар Ляма есімді келіншек. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: