26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Халал заңмен қорғалады

Жаһан
Жарнама

Белгілі ресейлік исламтанушы Шәміл Аляутдинов Мәскеу орталық мешітінде «Халал» стандартын жалған өнім шығарушылардан қорғауға шақырды.

Ғалым Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасына «халал» стандартын заңнамалық дәрежеде қорғауды ұсынды.

Осыған байланысты Мемлекеттік Думада Парламенттік кездесу кезінде «Діни ұйымдар туралы заңнамаларды жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Өндірушілер мен саудагерлер «халал» жазуын пайдалануы жиіледі, алайда, осы ислам талаптарына олардың көпшілігі сай келмейді. Ал, нәтижесінде, тұтынушылар осы талаптардан мүлдем алыс өнімді қолданып жатыр» деді Ш.Аляутдинов.

«Қажетті талап-міндеттерін атқара алмаған өндірушілер әкімшілік жазаға тартылуы керек. Сол себепті, осы атаумен өнім шығарушыларға заңдық тұрғыда жауапкершілік жүктелсін» деп пікір білдірді ол. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: