26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Британ халқы мұсылмандарға қолдау білдірді

Жаһан
Жарнама

Екі жүзден аса британ тұрғындары Бристоль қаласындағы «Джамия» мешітіне келді. Осыдан бір апта уақыт бұрын аталмыш мешіт жамағаты исламофобшылар тарапынан зәбір көрген еді. Қаскөйлер мешіт ауласына доңыз етін лақтырып, олардың ар-намысына нұқсан келтірген.

Болған жағдайды жергілікті халық пен өзге де конфессия өкілдері қатаң сынға алып, мұсылман қауымына қолдау білдіретіндіктерін бірнеше рет мәлімдеді. Осыдан кейін Бристоль мұсылмандары қиын сәтте демеу бола білген британдықтарға ризашылық білдіріп, оларға арнайы дастархан жайды. Мешіт ұжымын қолдау үшін қала мэрі Джордж Фергюсон да келді. «Бристоль тұрғындарының біріне қысым көрсету – барлығымызға жасалған қастандық. Мен діні мен ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан Бристоль халқының Джамия мешіте келіп, мұсылмандарға қолдау білдіргеніне қуаныштымын әрі мақтанамын» деп атап өтті мэр.

«Бір апта бұрын болған жағдайдан біз қатты шошып қалдық. Ал қазіргі кезде біз қоғамның қолдауы мен мейірімін сезініп отырмыз» деді Бристоль мұсылман қауымының төрағасы Захир Шабир. 

 ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: