26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тұманды Альбионда ислам мәдениеті таныстырылады

Жаһан
Жарнама

7 ақпан күні Ұлыбритания мешіттерінде «ашық есік» күні өткізіледі. «Менің мешітіме кел» акциясы Тұманды Альбиондағы барлық ислам орталықтарында ұйымдастырылмақ.

Игі шара арқылы британ жұртшылығы мұсылман мәдениетімен жақын таныса алады.

Айта кетейік, аталмыш акцияға Линкольн қаласы Линкольншир графствасындағы мешіт те атсалыспақ. «Линкольн мешіті барша сенім иелерін шақырады. Оларға ислам сәулет өнерінің қыр-сырлары, мұсылман мәдениеті мен тарихы, шынайы ислам хақында мазмұнды ақпараттар беріледі» дейді Линкольн ислам ассоциациясының төрағасы Танвир Ахмед есімді доктор. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: