Ислам қаржы мекемелеріне арналған аудит және бугалтерлік есеп ұйымы (AAOIFI) қаржы өнімдері үшін алтынды қолдана отырып бірыңғай стандар әзірлеумен айналысады.
AAOIFI ұйымы алтын негізінде стандартты әзірлеу жобасы Әлемдік алтын жөніндегі кеңеспен бірлесе отырып 2015 жылы дайындалғанын мәлімдеді. Стандарттың алғашқы нұсқасы қараша айында жарияланған. Бұл нұсқада алтынды инвестициялық есепте, ислам қаржы нарығындағы бағалы сукук шығаруда қолдану ұсынылады.
Жобаны толық стандарттық нұсқасымен іске асыру мәселесінде әлеуетті қаржы өкілдері алтынды толықтай актив ретінде қарастырғанды дұрыс деп санайды.
ummet.kz-ақпарат