Нью-Йорк штаты Буффало қаласының мұсылмандары ауқымды акция ұйымдастырды. Олар қан тапсыру шарасын Нью-Йоркте бастап, Канадамен іргелес Ниагара сарқырамасына дейін жалғастырмақ ниетте. Игі істің мақсаты –мұқтаж адамдарға 10 мың литр қан жинау.
«Мұсылмандар өмір үшін» деп аталатын акция бүгінде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Игі бастама алғаш рет 2011 жылы қолға алынған еді. «Әрбір қан толтырылған пакет үш адамның өмірін сақтауға жәрдемдеседі. Сондықтан, біздің мақсатымыз 2001 жылғы терактіде қанша адам жоғалтқан болсақ, сол саннан үш есе көп жанның өміріне араша болу» дейді Буффало қаласы мұсылман қауымының президенті Насир Хан.
ummet.kz-ақпарат