«Каро 11 Октябрь» Мәскеу кинотеатрында «Мұхаммед – Алланың елшісі» атты фильм көрсетіледі.
Ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) өмірін арқау еткен туынды 6 ақпан күні астаналық мұсылман қауымына ұсынылмақ. Кинокартинаның тұсаукесер рәсіміне фильм режиссері Маджид Маджидидің өзі қатысады.
Айта кету керек, аталмыш фильм – трилогияның алғашқы тарауы. Мұнда пайғамбарымыздың балалық шағы туралы баяндалады. Жалпы түсірілім 10 жылға жоспарланған. Фильм Мәскеуде 6 ақпан күні сағат 18:00-де көрсетіледі.
ummet.kz-ақпарат