Швейцарияның Базель қалалық полициясы Германиядан бастау алған PEGIDA антиисламдық қозғалысын өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды «Reuters» агенттігі.
«Құқыққорғау органы осыған дейін 3 ақпан күні базар алаңында митингі өткізуге берген рұқсатын қайтып алып, күшін жоюды дұрыс деп шешті» делінген полиция мәлімдемесінде. Мұндай шешімге тәртіп сақшылары зорлық-зомбылықтың, күш көрсетудің, бүліктің алдын алу мақсатында келген.
ummet.kz-ақпарат