Ыстық та шөлейтті Сауд Арабиясында жауын-шашының болуы сирек кездесетін құбылыс. Ал қар жауу бұл ел тұрғындары үшін көрген түспен тең.
Алайда, жуырда ғана Сауд Арабиясы аймағына жауған қар соңғы 80 жылдағы алғашқы қыстың көрінісі болып отыр.
Ал 2013 жылы Табук провинциясында аздаған қырау қатып, қар ұшқындап, орталық тас жолдардың жүрісіне кедергі тудырғаны да бар. Себебі, жергілікті халық мұндай табиғат маусымдарын бұрын-соңды кезіктірмеген.
ummet.kz-ақпарат