Кенияда тұтқиылдан шабуыл жасаған террористерден христиандарды қайсарлықпен қорғаған мұсылман аурухана төсегіне таңылып, бір айдан соң көз жұмды.
Бастауыш мектеп мұғалімі Салях Садбоу Фарах қоғамдық көлікте келе жатып жолаушылармен бірге Аш-Шабаб лаңкестік ұйымының шабуылына тап болған.
Шабуыл кезінде террористер христиандар мен мұсылмандарды бөлмек болды. Олар осылайша кімді бірінші атып өлтіретіндіктерін анықтайтын көрінеді.
Осы сәтте мұсылман әйелдер христиан қыз-келіншектерімен орамалдарын бөліскен. Ал мұсылман ерлер болса лаңкестерге христиандармен қатар мұсылмандарды да бірге атуын талап еткен.
Қылмыскерлерден христиандарды қорғау кезінде мұғалім Салях Фарах жарақат алып, ауруханаға түсті. Лаңкестер кезенген қарудан тайсалмаған мұсылман мұғалім аурухана төсегінде өмірден өтті.
ummet.kz-ақпарат