26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Радикалды бағыттағылар ұлты мен дінінен айырылады

Жаһан
Жарнама

Ресей Мемлекеттік думасының Қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдар жөніндегі комитеті БАҚ беттерінде лаңкестердің ұлы мен дініне қатысты деректерге тыйым салу туралы заң жобасына қолдау білдірді.

Аталмыш заң жобасы Мемдумаға Шешенстан парламентінен өткен жылдың желтоқсан айында келіп түскен.

«Ресей Федерациясы аумағында ұлтаралық және дінаралық келісім мен бейбітшілікті сақтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының қандай да бір түрі арқылы терроризм мен экстремизмге қатысты материалдарды жариялауда жеке тұлғаның не топтың ұлты мен діни көзқарасын көрсетуге тыйым салынады» делінген заң мәтінінде.

Заң жобасында БАҚ бетінде мұндай мәліметтерді тарату «террористік әрекеттерге еш қатысы жоқ, адал, саналы азаматтардың ұлттық және діни сенімдерін қорлаумен тең саналады. Сондай-ақ, бұл ақпараттар ұлтаралық және конфессияаралық араздықты тудырады» деп атап көрсетілді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: