26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

2070 жылы дінсіздер қатары азаяды

Жаһан
Жарнама

2016 жылдың 1 қаңтарында жер бетіндегі халық саны 7,3 млрд-ты құрады. Халқы көп елдің көш басында – Қытай (1, 367 млрд), онан кейін Үндістан (1, 252 млрд) және АҚШ (322, 762 млн), Индонезия, Бразилия, Пәкістан, Нигерия, Бангладеш, Ресей мен Жапония елдері бар.

Қолданбалы жүйелік сараптама Халықаралық институтының болжамына сүйенсек, Жер шары адам санының шарықтау шегіне 2070 жылы жетеді. Осы кезде жер бетінде 9,4 млрд адам өмір сүреді. Вашингтон зерттеушілерінің пайымдауынша, бұл уақытта әлем бойынша атеистердің, агноистиктер мен ешбір дінге мойынсұнбаушы адамдардың қатары азаяды. Алайда, АҚШ пен Франция секілді бірқатар елдерде бұл санаттағы адамдардың пайыздық көрсеткіші, керісінше, көбейіп келеді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: