26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сингапурлік мұсылман әйел ғылыми марапатқа ие болды

Жаһан
Жарнама

Сингапурлік профессор Джеки Ин мұсылман әлемінің ғылыми марапатына ие болды, деп хабарлайды Islam-today.

Ұйымдастырушылар аталмыш марапат мұсылман ғалымына қант диабетіне қарсы күрестегі табанды еңбегі үшін берілгенін мәлімдеді. Джеки Ин нанотехнологияны қолдану арқылы емделушінің қанындағы ақуыз деңгейі жоғары болған кезде инсулинді жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялы препаратты әзірледі. Препаратты мұрын және ауыз қуысы арқылы енгізуге болады. Осылайша, емделуші адам қандағы ақуыз деңгейін ұдайы бақылау қажеттілігінен құтылады.

Мұсылман ғалымына берілген сыйақы мөлшелі 500 мың АҚШ доллары. Ғылыми жетістігі үшін ие болған қаражатты Джеки Ин толығымен талантты жастарды ғылымға тартуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары арасында тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыруға арнап отыр.

Айта кетейік, бұл ғылым саласындағы марапат Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің мұсылман ғалымдарын қолдау мақсатында тағайындалған. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: