Биылғы жылдың маусым айында Ұлыбританияның Бирмингем университеті кітапханасынан табылған ежелгі Құран қолжазбасы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ең жақын сахабаларының бірі Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін.
1370 жыл бұрынғы құжат деп жобаланған қолжазба қасиетті Құранның өзге нұсқасы ішінде жасырылған екен. Мамандар қолжазбаны 7 мың ғасыр бұрын пайда болған деген болжам ұсынады.
Табылған қолжазбада Құран сүрелері араб шрифтінің ең ежелгі үлгісімен жануар терсінен жасалған жылтыр қағазға түсірілген.
Ұзақ уақыт жүргізілген зерттеу нәтижесінде, ғалымдар бұл Құранды 568-645 жж. аралығында, яғни Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) көзін көрген заманда жазылған болуы мүмкін деген тұжырымға келген.
Ислам білімі қорының бас директоры Жамал бин Хурейб аталмыш қолжазба сахаба Әбу Бәкірге тиесілі болуы мүмкін деген жорамал ұсынады.
Әбу Бәкір (р.а.) ислам әлемінде ең алғаш мұсылман болғандардың бірі. Ол пайғамбар отбасынан кейінгі исламды қабылдаған бірінші мұсылман саналады. Әбу Бәкір (р.а.) 632 жылы мұсылмандардың да алғашқы фалифі, әміршісі болып таңдалған тұлға.
«Бұл – ислам әлемі үшін ең бағалы жәдігер. Ал қолжазбаның сол ғасырда қолмен жазылуы оның өте маңызды тұлғаның ықпалымен әзірленгенін көрсетеді» дейді Хурейб.
ummet.kz-ақпарат