26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылманды мұқатқан министр қызметінен қуылды

Жаһан
Жарнама

Үндістанның белгілі партия жетекшілерінің бірі өзінің исламофобтық пікірлері үшін Уттар-Прадеш штаты министрі лауазымынан шеттетілді.

Омпал Нехра есімді саясаткер айтулы шара барысында мұсылмандар Айодхья мен Матхурада мешіт иелену құқынан бас тартуы керек деген мәлімдеме жасаған.

«Мұсылмандар Айодхьядағы Рама ғибадатханасы мен Матхурадағы Кришна үйі құрылысына көмектесуі қажет. Мен, керек болса, олар Рама ғибадатханасында ерікті түрде жұмыс істеуі міндетті деп айтар едім» деді министр.

Бұл сөзі көпшілікке кең таралып, артынша шенеунік мәлімдемесін «ақтап», «үндістер де мешіт салуға міндетті» дегенді қосып, сондай-ақ үндістер мен мұсылмандар ғибадатханалары бір-бірінен белгілі бір арақашықтықты сақтауы тиістігін алға тартты.

Алайда, алғашқы айтылған мәлімдемесін өзгерту мүмкін болмады. Самаджвади партиясы саясаткері келесі күні штаттың бас министрі Ахилеш Ядавтың бұйрығымен қызметінен босатылды. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: