26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Криштиану Роналду Қайдардың арманын орындады

Жаһан
Жарнама

Аты әлемге әйгілі Криштиану Роналду Бейрут терактісі салдарынан жетім қалған үш жасар Қайдар Мұстафамен кездесті. Қайдардың ата-анасы теракті кезінде қаза тапты. Өзі жарақат алды.

Кездесуге Рана Харби есімді журналист ұйытқы болған. Ол Қайдар туралы #CristianoMeetHaidar хэштегі арқылы интернетте жариялаған. Өмір есігін ашқанына небәрі үш жыл өтсе де Қайдар Мұстафа футболдан құралақан емес екен. Әлбетте, баланың сүйікті футболшысы да Криштиану Роналду болған. Ал футбол алаңындағы үлгі тұтар спортшымен кездескен Қайдар қуаныштан жылап та жіберген көрінеді. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: