26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылмандар христиандарды лаңкестерден қорғап қалды

Жаһан
Жарнама

«Аш-Шабаб» кениялық террористік топ содырлары жолаушылар автобусына шабуыл жасады, деп хабарлайды BBC Africa.

Террористер тұтқынға алған жолаушылардан діни ұстанымдарына сәйкес киінулерін талап еткен. Автобуста христиан өкілдерімен қатар мұсылмандар болды. Алайда, олар лаңкестердің талаптарын орындаудан бас тартып, қарсыласты.

Соңында террористер барлық жолаушыларды босатуға мәжбүр болған. Қақтығыс кезінде автобустың 2 жолаушысы қаза тапты.

 Айта кету керек, «Аш-Шабаб» террористік тобы Сомали территориясындағы бірқатар аумаққа ықпал жүргізеді. Ұйыммен қазіргі күні Сомалилік және Кения әскерилері қарсы күрес жүргізіп келеді.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: