26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қызметіне салғырт компанияларға лицензия берілмейді

Жаһан
Жарнама

Сауд Арабиясы Қажылық министрлігі қажылық операторларына қатысты талапты қатаңдатты, ережені күшейтті. Бұл биылғы қажылық маусымында Мина жазығында орын алған уақиғаларға тікелей байланысты шығарылған шешім болып отыр.

Еске сала кетсек,   қыркүйек күні қажылық рәсімі кезінде Мина жазығында адамдар кептелісінен 2 100-ден аса адам қаза болған еді.

Енді Қажылық министрлігі операторларға бірнеше қатаң талаптар қойды. Ең әуелі, компаниялардан қажылардың тұрақтайтын орындарын, сондай-ақ елге келместен бұрын оларды тасымалдауға қатысты шарттарды толық шешуі талап етіледі.

Сонымен қатар, өз компаниясы арқылы келген адамдардың қажылық өтейтін мерзімі туралы құзіретті мекемеге уақытында хабарлауы тиіс. Егер де қажыларға дұрыс жағдай жасалмаған болса, министрлік оларды дереу қонақүйлерге орналастырып, барлық шығынды аталмыш компанияның төлеуін міндеттейді. Бұған қоса, талапты орындамаған операторларды лицензиясынан айыру мәселесі де бар.   

 ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: