26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұзақ өмір сүргіңіз келсе – қайырымды болыңыз

Жаһан
Жарнама

Британ университеті ғалымдары тосын зерттеуді жария етті. Мамандар адам бойындағы қайырымдылық қасиет рак және жүрек ауруларын алдын алудың бірден-бір жолы екеніне көз жеткізді.

«Біреуге жақсылық жасап, көмектесу арқылы сіз өз денсаулығыңызға орасан зор пайда әкелесіз» дейді Кливленд қалалық клинкасының психологы Майкл Макки.

Ал Калифорния және Мичиган университетінің ғалымдары адам өмірінің ұзақтығы мен қайырымдылық қасиеттің бір-бірімен тығыз байланыста болатынын анықтады. Олардың ұзақжылғы зерттеуі екі не одан көп қайырымдылық ұйымдарына белсене үлес қосқан қарт адамдардың өз замандастарынан әлдеқайда ұзағырақ өмір сүретінін көрсетіп отыр.

Шығыс Вирджиния медициналық мектебі психиатрия бөлімінің меңгерушісі Стивен Дойч жиі қайырым іс жасау депрессиядан айығудың тиімді тәсілі екенін айтады. «Біз адамдарды іштар, өзімшіл болмауға, өзгелерді де ойлауға шақырамыз. Өзгелерге қамқор болып, қайырымдылық жасауға шақырамыз» дейді ол. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: