26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Эрмитажда үшінші халиф Құраны көрсетіледі

Жаһан
Жарнама

Құран Кәрімнің ерекше он нұсқасы Петербургтың Эрмитаж көрмесінде ел назарына ұсынылады. Аталмыш шара әлемдік діндердің қасиетті кітаптарына арналған көрме аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл жайында Ресей Федерациясы Діни басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Мұсылман әлемі үшін құнды жәдігерлер қатарында көне қолжазба саналатын  әйгілі «Осман Құраны» да бар. VIII-IX-ғасырлардың көзіне баланған бұл Құран бүгінде Санкт-Петербург мұражайында сақтаулы тұр.

Кітап парақтарында қан тамшысы іздері де бар көрінеді. Ол Омар халифаға тиесілі дейді бізге жеткен дерек көздерде.

Аталмыш көрмеде қасиетті Құран қолжазбаларының Амр ибн әл-Ас Каир мешітіне тиесілі нұсқаларын да көруге болады. Бұл қолжазба Египетке саяхат жасаған француз экспедициясының мүшесі, арабтанушы, баспагер Жан-Жозеф Марселдің жеке мұрағатында сақталып келген. Қазіргі кезде қолжазбаның негізгі бөліктері Парижде, ал жекелеген парақшалары Ватикан кітапханасында және Лондон жеке мұрағатында сақтаулы. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: