26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Салафилік көзқарастағы имамдар қызметтен қуылады

Жаһан
Жарнама

Бельгия терроризмге қарсы күресті қолға алды. Осы мақсатта мемлекеттің негізгі заңына да түзетулер енгізілді.

Конституцияға енгізілген өзгерістерден соң радикалды ағымдармен күресудің, терактілерді алдын алудың жаңа мүмкіндіктері ашылмақ.

Ендігі уақытта құқыққорғау органы қызметкерлеріне кез келген уақытта террористердің тұратын мекенжайын анықтауға, тінтуге рұқсат беріледі. Бұған дейін тінту жұмыстарын түнде жүргізуге тыйым салынған болатын.

Заңдағы өзгерістер исламды радикалды бағытқа бұрмалайтын мешіт имамдарымен күрес мәселесін де қамтиды. Құзіретті мекеме өкілдері жастардың радикалдануының негізгі себептерінің бірі де осы теріс ағымды уағыздаушы имамдарға тікелей қатысты дейді.

Бұдан бөлек, Сириядан Бельгияға қайтып оралған «жиһадшылар» терроризмнің алдын алу мақсатында жіті бақылауда болады. Тіптен, радикалды көзқарастан таймаған азаматтарға арнайы электронды білезік байлау да қарастырылып отыр. Осындай мәселелерді оңтайлы шеші үшін арнайы қызмет және полиция өкілдерін қаржыландыру көлемі ұлғайтылмақ. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: