26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Иракта соғысқан жігіт мұсылмандар жайлы пікір білдірді

Жаһан
Жарнама

Ирактағы әскери операциялардың бірінде аяғынан айырылған британдық жігіттің мұсылмандар жайлы мәлімдемесі интернет кеңістігін дүр сілкіндірді. Ешбір дінге негіз бола алмайтын экстремизм ылаңынан зардап шегіп, қоғамның әділетсіздігіне душар болған мұсылман халқына қолдау білдіруге шақырған кешегі қару асынған азамат былай дейді:

«Иә, мен мұсылмандардың соғысында аяғымнан айырылған шығармын. Бірақ, дәл сол күні британ әскерінің қатарында соғысқан бір мұсылман қолынан айырылды».

«Мұсылман дәрігер мені соғыс алаңынан тікұшақпен алып кетті. Мұсылман хирург маған ота жасап, өміріме араша түсті».

«Команда құрамындағы дәрігер мұсылман менің Ұлыбританияға оралуыма көмектесті».

«Мұсылман такси жүргізуші маған және әкеме тегін қызмет көрсетіп, қалаған жеріме жеткізді».

Крис Херберт 2007 жылы 19 жасында Британ күштік құрылымы қатарында ирактық Басра қаласындағы қарулы қақтығысқа қатысып, аяғынан айырылған азамат. Кристың Facebook желісіндегі бұл пікірін 125 000-нан аса адам көшіріп, таратқан. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: