26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Халал өнім нарығы 2,3 трлн $-ға бағаланды

Жаһан
Жарнама

Әлемдік халал өнімі нарығының құны 2,3 трлн $-ды құрайды. Бұл туралы Джидда қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымы өткізген форумда мәлім болды, деп жазады Iinanews.com.

Аталған соманың 67%-ы ас-тағам мен сусындарға тиесілі. Дәрі-дәрмек өндірісі 22%-ды құрап отыр. Қалғаны гигиеналық тазалық және косметика заттары өнімдері үлесінде.

Мамандар мұсылман елдеріндегі халық санының артуына байланысты халал нарығына деген сұраныстың жылдан жылға өсіп келе жатқанын айтады.

Форумға қатысушылар халал өндірісі нарығындағы маңызды мәселелерді талқылап, ИЫҰ-на мүше мемлекеттерді аталған нарық стандартын жүйелендіруге шақырды.

Ислам әлемінде осы нарық түрінің өсуіне байланысты халал өнімдерінің айналымына жол ашатын жалпыға ортақ негізін құру мәселесі туындап отыр. Айта кетсек, қазіргі уақытта әлем бойынша  халал өнімдері талаптарына сай жұмыс жүргізіп отырған 122 үкіметтік және жеке ұйымдар бар. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: