Қырғыз астанасында «Абдулкерім Сатук Багра Хан» атындағы ел тарихындағы ең үлкен мешіт ашылды.
«Абдулкерім Сатук Багра Хан» мешіті 1995 жылы Түркия үкіметі негізін қалаған Манас қырғыз-түрік университеті кампусы аумағында тұрғызылған. Құрылыс ғимараты әрбірінің ұзындығы 59 метрден тұратын екі мұнарадан, диаметрі 26 текше метр күмбезден және үш балконнан құралған.
Осман үлгісінде бой көтерген мешіт бір мезетте 4 мың адамның ғибадат етуіне мүмкіндік береді. Құлшылық үйінің іргетасы 2012 жылы қаланды, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.
ummet.kz-ақпарат