Әзірбайжан республикасында шетелде білім алған тұлғалардың ислам діні насихатын жүргізуіне тыйым салу туралы заң жобасы талқылануда.
Егер заң қабылданса, енді осы талапты ескермеген ел азаматтары 2 жылға бас бостандығынан айырылады. Заң жобасы терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталып отыр.
Еске сала кетсек, қараша айының соңында Бакуде белгілі теолог Тал Багирзадені тұтқындауға қатысты операция ұйымдастырылып, салдарынан 6 адам қаза тапты. Оның ішінде құқыққорғау органының 2 өкілі бар.
ummet.kz-ақпарат