27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Тәжікстан президентінің аппарат жетекшісі Озода Рахмон Рамазан айының аяқталуына орай, Ораза айт мерекесінде шенеуніктерді қайырымдылық жасап, зекет беруге міндеттеді, деп хабарлайды «ТаджикТА» ақпараттық агенттігі.

Кувейттің Дін істері министрлігі ел мұсылмандарының мешітте ұйықтауына тыйым салатын қаулы шығарды, деп жазады «әл-Раи» газеті.

Германияның Минден қаласында сириялық мигрант тұрмыстық қолданыста болған үй жиһазын сатып алып, күтпеген жерден 150 мың еуро ақша тауып алды.

Қазандағы исламды қабылдаудың 1 000 жылдығы атындағы жоғары мұсылман медресесі омарташылық мұғалімі омарта тақтасындағы ерекше жазуға куә болды. Аралар өз ұяшықтарымен «Алла» жазуын таңбалап шыққан.

Мекке мен Мәдина мешіттері Рамазан айының соңғы он күндігіне келуші мұсылмандарды қарсы алуға әзірленді. Осы уақытты олар толығымен құлшылыққа арнап, иғтикаф жасайды.

Біріккен араб әмірлігінде «ақылды» қоқыс жәшіктері іске қосылады. Ол өзіне тиесілі қызметпен қатар ақпараттық орталық ретінде де жұмыс істейді.