Халықаралық халал ұйымының филиалы (IIHO) өткен аптада Жапонияда іске қосылды.
Жарты сағат кітап оқу өміріңізді ұзартады
Құрама штат ғалымдарының зерттеуі кітап оқудың ерекше жемісі жайында қызықты деректерді ашты. Зерттеуге сәйкес, кітаппен дос болу адам баласының ми, ойлау жүйесінің белсенділігін арттырып ғана қоймай, оның өмір жасының ұзақ болуына да септігін тигізетін көрінеді.
Белгілі мұсылман ғалымы өмірден өтті
Құрама штатта белгілі мұсылман ғалымы, Нобел сыйлығының иегері Ахмед Зевейл 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Өрт сөндіруші мұсылман өзгелер үшін өмірін қиды
Біріккен араб әмірлігінде өз өмірін ұшақтағы жолаушыларды құтқару жолында қиған өрт сөндірушінің ерлігін жоғары бағаланды, деп хабарлайды Khaleej Times.
XIX-XX ғғ. ислам бизнесі туралы еңбек жарыққа шықты
Қазан федералды университеті баспаханасы «Кәсіпкерлік және ислам: Ресей тарихи тәжірибесі» атты кітапты жарыққа шығарды.
Мекке алғашқы қажыларды қабылдайды
Бүгін Сауд Арабиясына алғашқы қажылар легі ұшып келе бастады. Алдын ала хабар бойынша, халықаралық әуежайлардағы дайындық жұмыстары аяқталған.
Тамыз – америка мұсылмандары айы
Калифорния штаты ассамблеясы дүйсенбі күні 201 жылдың тамыз айын ресми түрде «Мұсылмандарды мойындау және олар жайында хабардар болу» деп мойындайтын резолюцияға дауыс берді.
Қазан демография рекордын орнатты
Қазан қаласы 2016 жылдың алты айы ішінде жаңа демографиялық рекорд орнатты. Бүгінде Татарстан астанасында 11 951 бала туу акті тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 429 актіге көп. Бұл туралы Қазан қаласының мэріне брифинг барысында АХАЖ басқармасы басшысы Гүзел Ғаббасова баяндады.
Катар музейінде Мұхаммед Әлидің құрметіне көрме ашылды (ФОТО)
Катар республикасында Олимпиада және спорт ойындары музейінде аты аңызға айналған боксшы Мохаммед Әлидің құрметіне көрме ашылды.
Франция мешітті қаржыландыру қорын құрмақ
Франция мұсылмандар кеңесі ел аумағында мешіт құрылысын қаржыландыру қорын құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Associated Press.
Халал өнімі әлемдік трендке айналады
2016 жылы халал өндірісінің әлемдік айналысы 2 триллион $-дан асты. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2019 жылы бұл сома тағы екі есеге артады.